• 1.jpg

Жамбыл облысы адвокаттар алқасы ресми сайтына Қош келдіңіздер!

Жарғы

Жарғы

1.      Жалпы ережелер.

1.1.  Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы (ары қарай алқа) адвокаттар алқасының  ұйымдастырушылық-құқықтық формасында құрылған заңды тұлға статусы бар, өзін-өзі басқарушы және өзін-өзі қаржыландырушы, коммерциялық емес тәуелсіз кәсіби адвокаттар ұйымы.

1.2.  Алқа Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Адвокттық қызмет туралы» заңының, ҚР басқа да актілері, берілген Жарғы мен алқаның жалпы жиналысының (конференциясының) шешімдері негізінде қызмет етеді.

1.3.  Алқаның банктерде есеп шоттарының өз баланстары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз аты бар бланктері, мөрі және штампы бар.

1.4.  Алқа адвокаттар алқасының міндетті мүшелігіне негізделген коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқарушы, өзін-өзі қаржыландырушы ұйым болып саналатын Республикалық адвокаттар алқасынан тұрады.

 

2.        Адвокаттар алқасының аталуы және қызметінің мәні мен мақсаты.

2.1.  Алқаның аталуы:

Мемлекеттік тілде: Адвокаттар алқасы «Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы»

Орыс тілінде: Коллегия адвокатов «Жамбылская областная коллегия адвокатов».

2.2.  Алқаның орналасқан жері және заңды мекен-жайы: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 51 үй.

2.3.  Алқа қызметінің мақсаты болып адвокаттардың заңды және жеке тұлғаларға  білікті заңгерлік көмек көрсетуін ұйымдастыру, адвокаттардың заң құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау берілген. Жоғарыда және заңдылықтармен бекітілген басқа да функцияларды орындау табылады.

2.4.  Алқа қызметінің мәні болып табылады:

1)        Алқа мүшелерінің адвокаттық қызметті жүзеге асыруына кәсіби көмек көрсету, қорғау;

2)        Алқа мүшелерінің қызметін материалды-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;

3)        Адвокаттық қызметтің жүзеге асырылуын кәсіби бақылауды ұйымдастыру;

4)        Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 6 бабына сәйкес тегін құқықтық көмек көрсетуді және алдын-ала тергеу және сот органдарының бекітуі бойынша қорғауды ұйымдастыру.

 

3.        Алқа мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

3.1.  Алқа мүшелері құқылы.

1)        Алқаның немесе оның органдары, жетекшілері мен персоналдары тарапынан көрсетілетін кәсіби көмек пен қорғауды пайдалануға;

2)        Алқа органдарын сайлауға және сайлануға;

3)        Алқа органдарының қарарына оның қызметіне қатысты мәселелер қоюға және алқа оның органдарының жұмысын жақсарту ұсыныстарын ұсынуға, шешімдердің талқылануы мен қабылдануына қатысуға, алқа органдарынан олардың қызметі туралы құжаттар мен материалдардың көрсетілуін талап етуге;

4)        Президиум бекіткен тәртіпке сәйкес, алқа органдарының қызметі мен іс-әрекетін тексеруі мен талқылануына қатысуға;

5)        Алқа мүлкін берілген Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) шешімдерімен анықталған тәртіп пен шарттарға сәйкес қолдануға.

6)        Алқа құрамынан шығуға.

3.2.  Алқа мүшелері ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 15 бабында қарастырылған адвокаттың жалпы міндеттерден басқа міндеті:

1)        Берілген Жарғы талаптарын орындау;

2)        Адвокаттар алқасының және оның органдарының Жалпы жиналысының шешімдерін орындау;

3)        Президиум бекіткен тәртіп бойынша бастапқы мақсаттық және айлық  жарналарды төлеу;

4)        Статистикалық анықтаған тәртіпке сай өз жұмысының есебін көрсету;

5)        Өз кәсіби деңгейін үнемі арттыру және жалпы жиналыс бекіткен «Адвокаттық этика» ережелерін сақтау.

6)        Өзінің заңды мекен-жайы өзгергені туралы алқа президиумына хабарлау;

7)        Жеке және заңды мекен-жайы тұлғалардың жүгінулері бойынша, оларға көрсетілген заңды көмектің сапасы бойынша тексеру үшін қажетті материалдарды ұсынуға.

3.3.  Алқа мүшелері алқа алдында мүшелік жарналарды төлеу міндеттемелерінен басқа бір жақты мүліктік міндеттемелер ала алмайды.

3.4.  Алқа мүшелері өз құқықтары мен міндеттері бойынша тең.

 

4.        Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату тәртібі.

4.1.         Алқаға мүше ретінде ҚР азаматы болып табылатын, жоғарғы заңгерлік білімі, адвокаттық қызметпен айналысу беретін лицензиясы бар және берілген Жарғыны мойындайтын тұлға қабылдана алады.

4.2.         Сот тәртібімен еңбекке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп табылған немесе өтелмеген немесе тіркеуден шығарылмаған соттылығы болған тұлға алқа мүшелігіне қабылданбайды.

       Қасақана  қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлға; кері мотивтер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, басқа құқық қорғау органдарынан немесе адвокаттар алқасынан жұмыстан шығарылған тұлға адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айырылған, «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 12 бабы, 3),4) және 5) тармақшалары және 3 тармағында көрсетілген негіздер бойынша лицензия күші тоқтатылған тұлға, осы оқиғалардың басталуынан кейін үш жыл ішінде алқа мүшелігіне қабылданбайды.

4.3.  Тұлға алқа мүшелігінен шығарылып, бірақ лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол алқаға шығарылу  кезіңінен алты ай өткеннен кейін қабылдана алады.

4.4.  Алқа мүшелігіне қабылдау адвокаттар алқасы Президиумымен жүзеге асырылады. Қабылдау туралы өтініш оның адвокаттар алқасы Президиумына түскен уақыттан 1 ай өткеннен кейін қарастырылады.

 

Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттар болуы қажет:

1)        Суреті бар кадрлар есебі бойынша жеке парағы;

2)        Бірінші жетекшінің немесе орынбасардың мөрі басылған және нөмірі берілген күні көрсетілген соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

3)        Жоғарғы заңгерлік білімі туралы дипломның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

4)        Жұмысы туралы мәліметтерді растайтын еңбек кітапшасы немесе басқа құжат;

5)        Адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін нотариалды куәландырылған лицензия;

6)        Жазылу мерзімі  және жеке қолы қойылған, еркін формада жазылған өмірбаян;

7)        Жамбыл облысының территориясында тұратыны туралы анықтама;

4.5.  Алқа мүшелігіне қабылдаудан бас тарту сотқа шағым беру арқылы қарастырылуы мүмкін.

 

4-1.Адвокаттың көмекшілері мен стажерлары.

4-1. 1.Президиум ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 7 бабы 2 тармағымен белгіленген талаптарға сай және стажировакадан өтуге тілек білдірген тұлғаларды адвокаттың стажерлығына қабылдауға құқылы.   Стажировканы ұйымдастыру адвокаттар алқасының президиумы тарапынан Республикалық адвокаттар алқасының президиумы тарапынан Республикалық адвокаттар алқасының нұсқауларын ескерген түрде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің бұйрығымен бекітілген адвокаттар стажерларының стажировкадан өткізу тәртібі туралы Ережеге сай жүзеге асырылады.                                                                                                                                  4-1.  2.        Адвокат көмекшілері еңбек келісімі (контракт) негізінде заңгерлік кеңес, адвокаттық кеңселерде немесе қосымша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау үшін адвокаттың қызметті өз бетінше жүзеге асыратын адвокат та жұмыс істей алады.                                                                                                                          4-1. 3. Адвокаттың көмекшісі және стажеры өзіндік адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы емес.

 

4-2. Алқа мүшелігін уақытша тоқтату.

 

5.1.     Алқа мүшелігін Президиум адвокаттың жанұя жағдайына немесе басқа себептерге байланысты өтініш негізінде уақытша тоқтата алады.

5.2.     Алқа мүшелігін Президиум адвокаттың жанұя жағдайына немесе басқа себептерге байланысты өтініш негізінде уақытша тоқтата алады.

 

4-3. Алқа мүшелігін мүлдем тоқтату.

 

6.1.     Алқа мүшелігі келесі жағдайда мүлдем тоқтатылады:

1) ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағында қарастырылған негіздер бойынша алқадан шығарылса;

2) Жалпы жиналыспен (конференция) бекітілген адвокаттық этика Ережелері бұзылса.

 

5.        Алқа құқықтары мен міндеттері.

 

Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін заңдылықтарға қайшы келмейтін тәртіп бойынша құқылы:

1)        Алқа мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде қорғау, сонымен қатар салықтық заңдылықтармен реттелетін қатынастарда адвокаттардың өкілетті өкілі болуға:

2)        Өз қызметі жайлы ақпараттарды таратуға;

3)        Басылымдық қызметті жүзеге асыруға;

4)        Бұхаралық ақпарат құралдарын құруға;

5)        Республикалық және үкіметтік емес бірлестіктер мен ұйымдарға кіруге;

6)        ҚР заңдылығына қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

 

6.        Адвокаттар алқасының құрылымы, қалыптасу тәртібі және оның органдарының құзырлығы.

 

6.1.       Адвокаттар алқасының құрылымын жалпы жиналыс (конференция) – басқарудың жоғарғы органы. Президиум – атқарушы орган, ревизиялық комиссия – бақылаушы орган құрайды.

6.2.       Адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерінің Жалпы жиналысы (конференция) қабылдаған ережелер негізінде қызмет ететін басқа органдар  құрылуы мүмкін.

 

7.        Жалпы жиналыс.

 

7.1.       Алқаның жоғарғы органы болып алқа қызметінің мәселесін жедел шешу мақсатында конференция түрінде өткізілетін Жалпы жиналыс табылады.

7.2.       Жалпы жиналыс адвокаттар алқасы қызметінің кез-келген мәселелерін шешуге құқылы.

7.3.       Жалпы жиналыстың (конференцияның) құзырында келесі мәселелердің шешілуін қарайды:

-           Адвокаттар алқасының Жарғысын қабылдау және Жарғыға өзгертулер енгізу туралы шешімдерді қабылдау;  

-           Президиумды, Президиум төрағасын, ревизиялық комиссияны, ревизиялық комиссия төрағасын сайлау;

-           Алқаның басқа органдарын және олардың жетекшілерін сайлау, осы органдар туралы ережелерді бекіту;

-           Адвокаттар алқасының органдары, жетекшілері мен қызметкерлерінің қызметі туралы есептерді тыңдау және бекіту;

-           Адвокаттар алқасының органдары, жетекшілері мен қызметкерлерінің шешімдеріне адвокаттардың шағымын қарау;

-           Адвокаттар алқасының жетекшілері мен қызметкерлерін мерзімнен бұрын кері шақырту;

-           Адвокат тарапынан оны алқа мүшелігіне қабылданған күннен бастап алты ай бойы төленетін және тек қана адвокатты оны алқа мүшелігіне қабылданған күннен бастап алты ай бойы күшейтуге және оның алқа мүшелігіне қабылданған күннен бастап алты ай бойы адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қорын нығайтуға жұмсалатын Қазақстан Республикасы заң шығарушылық актімен белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелген бастапқы мақсаттық жарна мөлшерлемесін белгілеу;

-           Қазақстан Республикасы заң шығарушылық актімен белгіленген айлық есептік көрсеткішіне еселенген мөлшерде есептелген ай сайынғы (әр айлық) мүшелік жарналарын белгілеу, соның ішінде ауылдық елді мекендерде кәсіби қызметпен айналысатын және бір жылдан аз уақыт адвокаттық қызметті жүзеге асырып жатқан адвокаттар айлық мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.  

7.4.        Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасымен бір жыл ішінде кемінде бір рет шақырылады. Ревизиялық комиссияның немесе алқа мүшелерінің жалпы санының төрттен бір бөлігінен /шерегінен/ кем болмаған  құрамының талабы бойынша алқа төрағасы отыз күн ішінде жалпы жиналысқа (конференция) шақыруға міндетті.

Конференция адвокаттардың  жалпы санының үштен екісі болса шешім қабылдауға құқылы.

Конференцияға қатысушы адвокаттардың  көп бөлігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.

7.5.       Конференцияға делегаттар адвокаттар алқасы мүшелерінің Жалпы жиналысымен Президиум өкілеттігінің мерзіміне сайланады.

7.6.       Жалпы жиналысты шақыру туралы Президиум алқа мүшелерінің барлығына заңгерлік кеңес меңгерушілері, адвокаттық кеңсе құрылтайшылары арқылы хабарлайды.

7.7.       Конференцияның шақырылуы туралы Президиум делегаттарға хабарлайды.

7.8.       Жалпы жиналыс (конференция) бір жылда кемінде бір рет алқа президиумымен шақырылады.

 

8.        Алқа Президиумы.

 

8.1.       Президиум адвокаттар алқасының атқарушы органы болып табылады және жалпы жиналысқа қатысушы адвокаттардың көп бөлігінің қарапайым даусымен  төрт жылдық мерзімге құпия дауыс беру арқылы сайланады.

8.2.  Алқа Президиумы:

-           Заңды және жеке тұлғаларға заңгерлік көмек көрсету бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда адвокаттардың мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен көрсетілетін көмегі бойынша адвокаттар алқасының қызметін ұйымдастырады;

-           Жалпы жиналыстың (конференцияның) шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, жалпы жиналысқа (конференцияға)  шақырады.

-           Адвокаттардың  кәсіби және басқа да мүдделерін қорғайды.

-           Алқа мүшелерін қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелігінен шығарады, адвокаттардың стажерларын дайындығын ұйымдастырады;

-           Республикалық адвокаттар алқасына адвокаттар қызметі туралы әр тоқсанда жалпыланған қорытынды есептерді ұсынады;

-           Адвокаттар алқасына мүшелікке ауылдық елді мекендерде үш жылдан кем болмаған  мерзімде адвокат қызметін міндетті түрде жүзеге асыру шартымен қабылданған адвокаттарды бастапқы мақсаттық  жарна төлеуден босатады;

-           Жүктілік бойынша және баланың үш жасқа толуына дейін күту бойынша демалыста болған адвокаттарды және адвокаттық қызметін уақытша еңбекке қабілетсіздік салдарынан қатарынан екі айдан ұзақ мерзім ішінде жүзеге асырмаған адвокаттарды айлық мүшелік жарнадан босатады;

-           Алқа мүшелерінің әрекеттері бойынша түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарды /ұсыныстарды/ тексеру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

-           Алқа мүшелерінің және олардың стажерларының тәртіптік әрекеттері туралы материалдарды қарайды, кінәлі тұлғаларға тәртіптік айыптар  салады және оларды алады және оларды марапаттау шараларын қолданады;

-           Адвокаттарды аттестациялаудың жүргізілуін ұйымдастырады;

-           Лицензиярға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияны тоқтату туралы немесе осы Заңмен қарастырылған негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның күшін қысқарту туралы талап арызды дайындау туралы талап тілек береді;

-           Алқа мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша  іс-шаралар өткізеді, оң жұмыс тәжірибесін талдап, қорытындылап, таратады;

-           Кодификациялық-анықтамалық жұмыстың жүргізілуін ұйымдастырады, өзіндік немесе Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен бірге әдістемелік қолданбалар мен адвокаттық қызметінің мәселелері бойынша нұсқауларды жасайды және басып шығарады;

-           Заңгерлік кеңселерді құрады, олардың жұмыс тәртібін орнатады, оларды меңгеру лауазымына тағайындайды және босатады;

-           Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі бекіткен үлгідегі адвокатқа куәлігін береді;

-           Жарғы және жалпы жиналыспен (конференциямен) белгіленген тәртіп бойынша алқа қаржысын жұмсайды;

-           Іс жүргізудің, қаржылық есеп берудің бухгалтерлік есебін және бастапқы статистикалық мәліметтердің қалыптастыруын ұйымдастыру;

-           Адвокаттар алқасы мүлкін пайдалану тәртібін белгілейді;

-           Адвокаттар алқасы белгілерінің үлгілерін бекітеді;

-           Өз құрамынан Президиум төрағасының орынбасарын (орынбасарларын) сайлайды;

-           Заңды тұлға қалыптастырмай жекеше қызмет ететін адвокат кеңселер мен адвокаттардың реестірін жүргізеді;

-           Заңгерлік кеңселер, адвокаттар кеңселерінің және адвокаттардың жұмысын тексереді;

-           Есептердің тапсырылуы мерзімі мен тәртібін бекітеді;

-           Ордерлердің бірыңғай есебін жүргізеді және алқа мүшелерін онымен қамтамасыз етеді;

-           Адвокаттардың кәсіби қызметін, олардың заңдылықтар талаптарының, адвокаттардың кәсіби этика Ережелерінің сақталуына бақылау жасауды ұйымдастырады;

-           Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзырына жатқызылған мәселелерден басқа, адвокаттар алқасы қызметі міселелерін шешеді;  

8.3.       Адвокаттар алқасы Президиум мүшелерінің жартысынан көбі болмағанда да өз мәжілістерін өткізеді.                                                  Президиум алқаға қабылдау, мүшелікті тоқтату, одан шығару (Заңның 31 бабының 6 тармағының 1 бөліміне негізделген шығару жағдайларынан басқа) мәселерін Президиум мүшелерінің құрамы үштен екісінен кем  болмағанда ғана қарастыруға құқылы. Шешім кем болмағанда ғана қарастыруға құқылы. Шешім дауыстың көпшілігімен қабылданады.

Адвокаттар Президиумның қаулысы Президиуммен немесе адвокаттардың жалпы жиналысымен (конференция) қайта қарастырылады.

 

9.        Адвокаттар алқасы Президиумның төрағасы.

 

9.1.       Адвокаттар алқасы Президиумның төрағасы болып 2 жылдан кем емес  уақыт бойы алқа мүшесі болған адвокат сайлануы мүмкін.

9.2.       Алқа Президиумның төрағасын жалпы жиналыспен құпия дауыс беру арқылы жалпы жиналыспен сайланған Президиум мүшелері құрамының көпшілік қарапайым дауысымен төрт жыл мерзімге сайланады.                             Сонымен бірге, бір тұлға адвокаттар алқасы президиумы төрағасының қызметін қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.            

9.3.  Алқа Президиумның төрағасы:

1)        Президиум жұмысын ұйымдастырып, оның мәжілістерде (оның тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылатын мәжілістерден басқа) төрағалық етеді және жалпы жиналыстың (конференцияның), Президиумның шешімдерінің орындалуына  бақылау жүргізуді жүзеге асырады;

2)        Президиум аппаратының жұмысын басқарып, алқа аппараты жұмыскерлерін қабылдау мен босатуды жүзеге асырады;

3)        Арнайы сенім-хатсыз алқаны мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа ұйымдар мен  мекемелерде көрсетеді;

4)        Өз қолымен алқа жарғысын, сонымен қатар оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды растайды:

5)        Президиум жұмыстарын ұйымдастырып жоспарлайды және оның мәжілістерінде қарастырылатын мәселерді дайындайды;

6)        Президиум мәжілістерінде алқаға қабылдау, алқадан шығару туралы мәселерді қарастыруға дайындап, енгізеді;

7)        Адвокаттар әрекеті туралы шағымдар мен басқа да материалдардың тексерілуін ұйымдастырып, Президиум карарына сәйкес ұсыныстарды енгізеді;

8)        Адвокаттар, стажерлардың тәртіптік әрекеттері туралы істі қозғау және қажет кезде оларды тоқтату құқығын қолданады.

9)        Лицензиарға адвокаттар алқасы мүшелігіне кірген лицензиаттар туралы адвокатпен таңдалған адвокаттық қызметін ұйымдастыру түрін және заңды  мекен-жайы көрсетілген мәліметтерді, сонымен қатар адвокаттар алқасы мүшелігінен шығарылғандар туралы олардың шығу себептерін көрсетумен мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді;

10)    Адвокаттардың көрсетілген заңгерлік көмек туралы, оған статистикалық мәліметтерді қоса адвокаттар қызметі туралы есепті Республикалық адвокаттар алқасына ұсынуды қамтамасыз етеді;

11)    Адвокаттар көрсетілген тегін заңгерлік көмек туралы және бюджеттік қаржы есебінен қорғаумен, өкілдікпен байланысты болған шығындарды өндіру туралы жиынтық есепті әділет органдарының аймақтық органдарына уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

12)    Адвокаттар стажерларының стажировкасын жүргізуін қамтамасыз етеді;

13)    Адвокаттардың кәсіби оқыту бағдарламасын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;  

9.4.       Президиум төрағасы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін Президиум Төрағасының бірінші орынбасары жүзеге асырады.

 

10.    Ревизиялық комиссия.

 

10.1.        Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы оның бақылаушы органы болып табылады.

10.2.        Ревизиялық комиссия, оның төрағасы алқа мүшелерінің жалпы жиналысымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Сандық құрамы жалпы жиналыспен анықталады.

10.3.        Ревизиялық комиссия мүшелерін, оның төрағасын сайлау тәртібі адвокаттар алқасының жалпы жиналысымен анықталады.

10.4.        Адвокаттар алқасы Президиумның мүшелері ревизиялық комиссияға сайлана алмайды.

10.5.        Тексерулер жүргізгенде ревизиялық комиссия Президиумға және президиум төрағасына ұсыныстар беруге құқылы.

10.6.        Ревизиялық комиссия адвокаттар алқасы мен заңгерлік кеңестер қаржылық шаруашылық  қызметін өз белсенділігі бойынша, жалпы жиналыс шешімімен, адвокаттар алқасы Президиумның нұсқауымен, адвокаттар Алқасы мүшелерінің төрттен бір бөлігінің талабымен жүргізіледі.

10.7.        Адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық  қызметін тексеру кем дегенде жылына бір рет тексерілуі қажет.

10.8.        Адвокаттық кеңселердің және жекеше қызмет ететін адвокаттардың қаржылық шаруашылық қызметін тексеру адвокаттар алқасы Президиумның шешімімен адвокаттық кеңселердің, жекеше тәжірбиеленуші адвокаттардың араласуымен жүргізіледі.                           Адвокаттық кеңселерді, жекеше тәжірибеленуші адвокаттардың қаржылық шаруашылық қызметін тексеру  мүшелік жарналардың дұрыс аударылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

10.9.        Тексеру нәтижелері туралы Ревизиялық комиссия Жалпы жиналысқа мәлімдеп, Президиум мен тексерудің жүргізілуіне себепкер болған тұлғаларды хабардар етеді.

10.10.    Ревизиялық комиссия адвокаттар алқасының Жалпы жиналысын адвокаттар Алқасының қаржылық-шаруашылық қызметінде анықталған өрескел қателіктерге байланысты кезектен тыс шақыруға құқылы.

 

11.    Заңгерлік көмектің көрсетілуін ұйымдастыру.

 

11.1.        Азаматтардың мамандандырылған заңгерлік көмекке қол жетімді болуын қамтамасыз ету үшін алқа президиумы заң кеңселерін, сонымен қатар мамандандырылған арнайы заң кеңселерін құрады. Заң кеңселерінің орналасу мекен-жайы алқа президиумымен белгіленеді.  

11.2.        Заң кеңсесі адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол өз атауы көрсетілген және белгілі адвокаттар алқасына тиістілігі көрсетілген мөрі мен бұрыштама мөртаңба /штамп/, заңгерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін қажет болған басқа да атрибутикаға ие. Заң кеңсесі адвокаттар алқасының жалпы жиналысыда (конференциясы) қабылданған Ереже негізінде жұмыс етеді.                                                                 Заң кеңсесін алқа президиумымен сайланған меңгеруші басқарады.

11.3.        Адвокат өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей өз бетінше жүзеге асыруға құқылы.

11.4.        Көрсетілген заңгерлік көмегі үшін гонорар /қаламақы/ алқа есеп бөліміне /бухгалтериясына/ немесе адвокаттық кеңсенің есеп шотына немесе заңды тұлға ретінде тіркелмеген өз бетінше тәжірибеленуші адвокаттың банктік шотына түсуі қажет.                                                                  Адвокаттың көрсетілген заңгерлік көмегі үшін, сонымен қатар ауызша заңгерлік кеңесі үшін төлемдер және тапсырманы орындаумен байланысты болған шығындар тиісті қаржылық құжатсыз жол берілмейді.

11.5.        Адвокат іс бойынша тек ордер негізінде қатысуға құқылы. Ордер беруге адвокатпен көмек алушы тұлға арасындағы жазбаша келісім және төленген гонорар /қаламақы/ немесе қорғаушыны бекіту туралы процесті жүргізуші органның қаулысы негіз болып табылады.

Бірыңғай үлгідегі ордер қатаң есеп берудің құжаты болып табылады, ордерлердің бақылануы мен есебі адвокаттар алқасы Президиумымен жүзеге асырылады. Заңгерлік кеңестердің меңгерушісі және кеңестер құрылтайшысы мен адвокаттар кеңселерінің құрылтайшылары беретін ордер есебін Президиумға жүктеледі.  

11.6.        «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 6 бабының 2,3,4 тармақтарының 1 бөлімінде қарастырылған жағдайларда тегін заңгерлік көмек көрсету адвокаттар алқасының барлық мүшелерінің міндеті болып табылады.

11.7.        Мақсатты түрдегі заңгерлік көмектің көрсетілуін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар бірінші инстанциядағы соттағы шағымданушыға жұмысқа байланысты асыраушының өлімінен, жарақаттану немесе денсаулыққа басқа да зиян келтіруден болған зияндылықты өтеу туралы істі жүргізуде, өз қызметін адвокаттық кеңселерде  немесе жекеше заңды тұлға құрмай жүргізетін адвокаттар Президиум шешімімен  территориялық заңгерлік кеңестерге бекітіледі.

11.8.        Адвокат іске тек ордер негізінде араласуға құқылы.

Ордер беруге негіз болып адвокат пен көмек алушы тұлға арасындағы келісім мен төленген гонорар немесе қорғаушыны бекіту туралы процесті жүргізуші органның қаулысы табылады.

Бірыңғай үллгідегі ордер қатаң есеп берудің құжаты болып табылады, ордерлердің бақылануы мен есебі адвокаттар алқасы Президиумымен жүзеге асырылады. Заңгерлік кеңестердің меңгерушілері мен адвокаттық кеңсе құрылтайшылары беретін ордерлердің есебі Президиумға жүктеледі.

 

12.    Алқа мүлкі. Алқа мүлкінің қалыптасу көзі және оны қолдану тәртібі.

 

12.1.        Алқа мүлкі материалдық құндылықтар мен қаржылық құралдардан тұрады.

12.2.        Алқа мүлкінің қалыптасу көзі болып мүшелік жарналар, қайтарымсыз негізде берілген қайыр-садақа және мүлік, гранттар, демеушілік және басқа да қайырымдылық көмек табылады.

12.3.        Алқа меншік иесі ретінде өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына қарай берілген Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) шешімдері белгілеген тәртіппен жарғылық мақсаттарға жету үшін иемденеді, қолданады.

 

13.    Мүшелік жарналарды төлеу тәртібі.

 

13.1.        Мүшелік жарналар адвокаттың демалыстағы кезеңін есепке алмағанда, ай сайын төленуі қажет.

13.2.        Әр айлық мүшелік жарналар көлемін Жалпы жиналыс (конференция), ал олардың төлену тәртібін адвокаттар алқасының Президиумы бекітеді, мұнда ауылдық елді мекендерде өз кәсіби қызметін бір жылдан аз уақыт ішінде жүзеге асырып жатқан адвокаттар айлық мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.                            Бастапқы мақсаттық жарна адвокатты алқа мүшелігіне қабылданған күннен бастап алты ай өткенге дейін төленеді және тек адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қорын қамтамасыз етуге жұмсалады.

13.3.        Өз қызметін адвокаттық кеңселерде және жекеше жүзеге асыратын адвокаттардың мүшелік жарнасы алқа бухгалтериясында төленуі немесе оның есептік шотына ай сайын әр айдың соңғы күнінен кешіктірмей аударылуы қажет.

Адвокаттың мүшелік жарнаны қырызбен төлеуге құқы бар.

13.4.        Мүшелік жарналардың жүйелі түрде төленбеуі дегеніміз – олардың қатарынан 3 айдан артық уақыт бойы төленбеуі.

13.5.        Мүшелік жарналардың төлеуден келесі алқа мүшелері босатылады: жүкті болуына, бала тууына, бала күтіміне байланысты демалыстағы әйелдер, ұзақ уақыт станционарлық емделуде болған алқа мүшелері.

 

14.    Адвокаттардың тегін заңгерлік көмек көрсету және соттың, тергеу және алдын-ала тексеру органдарының белгілеуі бойынша адвокаттар арасында заңгерлік көмекті бөлу.

 

14.1.        «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 6 бабының 1 тармағымен белгіленген жағдайларда, сонымен қатар  Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте адвокаттар тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Мұнда адвокаттар тарапынан көрсетілетін мемлекетпен кепілдендірілген заңгерлік көмек көрсетеді. Мұнда адвокаттар тарапынан көрсетілетін мемлекетпен кепілдендірілген заңгерлік көмек төлемі бюджеттік қаржы есебінен жүргізіледі.                                           Адвокаттар тарапынан бюджетттік қаржы есебінен көрсетілетін заңгерлік көмектің негіздері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кепілдендірілген заңгерлік көмек туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық-іс жүргізу заңнамаларымен белгіленеді. 

14.2.        Мемлекеттік кепілдендіретін  заңгерлік көмектің көрсетілуін қамтамасыз ету үшін өз қызметін  адвокаттық кеңселерде немесе жекеше заңды тұлға құрмай жүргізетін аймақтық әділет органымен мемлекеттік кепілдендірілген заңгерлік көмек көрсету туралы келісімге отырған адвокаттар Президиум шешімімен аймақтық заң  кеңселеріне бекітіледі.

14.3.        Мақсатты түрдегі заңгерлік көмектің көрсетілуін координациялау, сонымен қатар, бірінші инстанциялы соттардағы шағымданушыларға алимент алу, жұмысқа байланысты асыраушының өлімінен, жарақаттану немесе денсаулыққа басқа да зиян келтіруден  болған зияндылықты өтеу туралы істі жүргізу бекітілген графикке сәйкес территориялық заңгерлік кеңсе меңгерушісіне жүктеледі.

 

15.    Адвокаттарды аттестациялауды жүргізу тәртібі.

 

15.1.        Адвокаттарды аттестациялау олардың кәсіби білімінің, құқықтық мәдениетінің деңгейін және адвокаттық қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға сай келуін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

15.2.        Аттестацияны жүргізу мерзімі мен тәртібі адвокаттар алқасы Президиумымен бекітілетін адвокаттарды аттестациялау туралы Ережемен анықталады.

 

16.    Алқа мүшелерінің және адвокаттар стажерларының тәртіптік жауапкершілігі және оларға тарту тәртібі.

 

16.1.        Берілген Жарғының ережелерін ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңын, «Адвокаттардың кәсіби этикасы» кодексін бұзғаны үшін адвокаттар алқасының мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

16.2.        Тәртіптік әрекет туралы іс алқа мүшелерінің жалпы жиналысымен, алқа Президиумымен немесе алқа Президиумының төрағасымен қозғалады.

16.3.        Тәртіптік өндіріс қозғау үшін адвокаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарып, кәсіби этика ережелерін және адвокаттар алқасы Жарғысының ережелерін бұзғанына көрсететін мәліметтер негіз болып табылады.

16.4.        ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағында көрсетілген мүмкін жағдайлармен қатар, адвокаттық этиканы бірнеше рет бұзғаны, гонорарды иемденгені, жұмысқа маскүнемдік күйде келгені, берілген Жарғы, алқа Президиумымен жүктелген міндеттерді орындамағаны, сонымен қатар мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеген үшін шығарылуы мүмкін.                                                                           Әрекетті екі немесе бірнеше рет жасау бірнеше рет немесе жүйелі деп саналады.

16.5.        Тәртіптік айыпты Президиум әрекетті байқағаннан кейін, бірақ адвокаттың ауырып қалу, демалыста, ұзақ іссапарда болуын ескермегенде адвокаттың соттың жеке қаулысына шағымын қарау немесе уәкілетті органының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте ұсынуы оның жасалу күнінен алты ай өтпей салады немесе ҚР АПК 278, 24  баптарына сәйкес соттағы істі қарастыру.

16.6.        Алқа Президиумы салатын тәртіптік айып шаралары болып табылады.

-           Ескертулер;

-           Сөгіс;

-           Қатаң сөгіс;

-           Алқадан шығару;

-           Лицензиарға адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия күшін қысқарту туралы талап арызды дайындау туралы талап тілек берумен.

Тәртіптік айып салынған кезде жасалған әрекеттің ауырлығы, оның жасалу жағдайлары, оның алдындағы жұмысы және адвокаттардың тәртібі ескеріледі.

16.7.        Тәртіптік әрекет туралы істі қарамас бұрын Президиум, Президиум төрағасы адвокаттан жазбаша түсініктеме талап етіп, тәртіптік әрекет туралы материалдардың тексерілуін ұйымдастырып, адвокаттың тәртіптік  жауапкершілікке тартылу негізін толығымен дайындап, адвокатты тәртіптік материалдармен таныстыру қажет.

16.8.        Адвокаттар алқасы Президиумының төрағасы, тексеру материалдарын жеткілікті толық деп санап, тәртіптік әрекет туралы істі адвокаттар алқасы  Президиумының қарарына береді. Адвокат ісінен тәртіптік  әрекет белгілері болмаса Презиум төрағасы істі Президиумның қарарына жібермей, қабылданған шешім негізін көрсете отырып тоқтатуға құқылы.

16.9.        Тәртіптік әрекет материалдары бойынша өндіріс мерзімі оның қозғалу кезінен адвокаттың ауырып қалу уақытын, оның демалыста, ұзақ сапарда болуын есепке алмағанда екі ай мерзімінен аспауы қажет.

16.10.    Адвокаттың әрекетті жасағанын дәлелдейтін мәліметтер болса Президиум адвокатты тәртіптік әрекет туралы  мәселенің шешімдерінің аяқталуына дейін адвокаттық қызметті жүзеге асырудан шеттетуге құқылы.

Адвокаттың жұмыстан шеттетілу уақыты екі айдан аспауы қажет.

16.11.    Тәртіптік әрекет туралы материалдарды алқа Президиумында жауапкершілікке тартылушы адвокаттың қатысумен қарастырады.

16.12.    Әрбір жасалған әрекетке тек бір тәртіптік  айып салынады.

16.13.    Адвокаттар  алқасының Президиумы немесе оның төрағасы қабылдаған арыздар мен хабар бойынша тәртіптік әрекет туралы ұйымдарды, кәсіпорындарды, мекемелерді қызметтік тұлғаларды және азаматттарды хабардар етеді.

16.14.    Президиум  қаулысының көшірмесі адвокатқа қаулы шыққан кезден үш күн өтпей беріледі.

16.15.    Егер алты ай  ішінде тәртіптіп айыптың салыну күнінен бері адвокат тағы да тәртіптік айыпқа тартылмаса, оған тәртіптік айып салынбаған деп саналады.

16.16.    Әділет органдарымен тәртіптік өндірісті қозғау туралы ұсыныстар енгізілген жағдайда оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қарау уақыты мен орны туралы хабарландырылған әділет органы өкілінің келмей қалуы тіртіптік өндірісті қарауға кедергі жасай алмайды.

16.17.    Тәртіптік айыптың салынуы туралы шешім адвокатпен оған тәртіптік айыпты салу туралы қаулының көшірмесі  берілген күннен бір айға дейінгі уақытта шағымдалуы мүмкін.

16.18.    Берілген баптың ережелері сонымен қатар адвокаттар стажерына да таратылады.

 

17.    Адвокат лицензиясына пікір беру туралы

 

17.1.        Адвокат Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптары мен нормаларын өз кәсіби міндеттерін, ұйым принциптерін және адвокатура қызметін атқаруда бірнеше рет бұзған және біліктілігінің жетімсіздігінен өз кәсіби міндеттерін атқара алмаған жағдайда Президиум Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі алдында адвокаттың лицензиясының пікірі туралы өтініш жасайды.

 

18.    Алқаны мүлдем тоқтату.

 

18.1.        Алқа тоқтатылады:

-           Жалпы жиналыс шешімімен;

-           Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінде қарастырылған жағдайларда сот шешімімен;

18.2.        Алқаның тоқтатылуы бекітілген тәртіппен тіркеледі;

18.3.        Алқаның тоқтатылуы оның қайта құрылуы немесе жойылуы түрінде жүзеге асырылады.

 

19.    Алқаны қайта құру.

 

19.1.        Алқаның қайта құрылуы (қосылу, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, өзгеруі) жалпы жиналыстың шешімімен ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.

19.2.        Қайта құрылу сонымен қатар заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

19.3.        Алқаның қайта құрылуы ҚР-ның Азаматтық кодексінде және басқа да заңдық актілерде қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

20.    Алқаны жою тәртібі және адвокаттар алқасын жою кезіндегі мүлік жағдайы.

 

20.1.        Алқаның жоюылуы мүмкін:

-           Жалпы жиналыс шешімімен:

-           ҚР-ның заңды актілерінде қарастырылған жағдайларда сот шешімімен.

20.2.        Сот немесе жалпы жиналыс шешімімен алқаны жою кезінде, жою ҚР-ның Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

20.3.        Жалпы жиналыстың алқаны жою туралы шешімін қабылдау кезінде, жою жалпы жиналыспен сайланған жою комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.

20.4.        Берілген жарғының 20.3 тармағында қарастырылған жағдайда жою комиссиясына алқа мүлкі мен істерін басқару бойынша барлық өкілеттілік беріледі.

20.5.        Жою комиссиясы алқа атынан сотта сөз алады.

20.6.        Жою комиссиясы ресми басылым органдарында алқаны жою және оның кредиторлары шағымдарының тәртібі  мен мерзімі туралы жариялайды. Бұл мерзім жою туралы жариялаудың шығу кезінен 2 айға дейінгі уақыттан кем болмауы қажет.

20.7.        Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін жою комиссиясы  алқаның жалпы жиналысында бекітілген жою балансын құрастыруда.

20.8.        Кредиторлар  талабын қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік жою комиссиясының шешімімен қызметінің негізгі мақсаты заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылатын коммерциялық ұйымға беріледі.

 

21.    Қортынды ережелер

 

Берілген Жарғыға өзгерістер мен қосымшалар жалпы жиналыс шешімімен енгізіледі.

 

22.    Күшіне ену.

 

Берілген Жарғы күшіне мемлекеттік тіркелу кезінен бастап енеді.

 

 

Жамбыл облыстық

адвокаттар алқасының

төрайымы:                                                              А.А.Раисова

 

 

 

 

2016 -2019 (c) Жамбыл облысы адвокаттар алқасы  ресми сайты